«Ішімдік ішіп, қарумен қорқытқан»: Қарағанды ​​облысында депутат қамауға алынды

Фото: ғаламтордан

21 қазан күні Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында бейтаныс азамат ішімдік ішіп алып, 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның 38 жастағы аудандық мәслихаттың депутаты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің «Қорқыту» және «Атыс қаруын заңсыз ұстау» бабтарымен қылмыстық іс қозғалды.

«Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!