«Ерекше өмір сүріп жатырмын деп қуансам»: Ерке Есмахан өзінен 41 жас кіші адамға тұрмысқа шыққан әншіге тамсанды

Әнші Ерке Есмахан 78 жастағы америкалық Шерилин Саркисянға тамсанатынын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жасы 78-де екен. Бірақ маған жас көрінетіні емес, ішкі жағдайы ұнайды. Жас көріну, көрінбеу маңызды емес. Бастысы лап-лап етіп тұрғаны ғой. Қасындағы жігіті 37-де. Мен өзімді ерекше өмір сүріп жатырмын деп жүрсем. Жақында «Victoria’s Secret» көрсетілімінде болған. Қыздарға емес, осы Шерге қарайсың. Энергетика деген осы шығар», — деп жазды әнші.

Айта кетейік, 2023 жылы 38 жастағы қазақстандық әнші Ерке Есмахан мен Raim сахналық есімімен танымал 26 жастағы орындаушы Райымбек Бақтыгереев некелерін қиды. Олардың жас айырмашылығы – 12 жас.