Қазақстанда екі банк жабылып, орнына бір мегабанк пайда болуы мүмкін

Фото: ғаламтордан

Қазақстанда екі банк азайып, орнына бір ірі мегабанк құрылуы мүмкін. Дереккөздердің мәліметінше, ForteBank RBK Bank пен Еуразиялық банкті сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта олар бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, банктердің иелеріне ұсыныс жасалған, деп хабарлайды Ozgeris.info Банкста Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Еуразиялық банк бойынша жағдай түсінікті. «Үлкен үштік» (Ибрагимов, Машкевич, Шодиев) билікті мұрагерлеріне тапсырды. Алайда, әкелеріндей бірлік пен ынтымақтастықтың болмауы басқа қаржы нарығы ойыншыларына бұл жағдайды пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Ал RBK Bank-тің жағдайы басқаша: олардың акционерлері экс-президент Назарбаевтың айналасындағы қолдаушыларынан айырылғаннан кейін әлсіздік танытты.

ForteBank бұл екі банкті сатып алған жағдайда Қазақстандағы ең ірі үш банк қатарына Halyk Bank және Kaspi Bank-пен бірге кіруі мүмкін. Бұл ел экономикасында үш мегабанктің пайда болатынын білдіреді, ал олардың шешімдері елдің қаржы-экономикалық блоктарына үлкен ықпал етеді. Егер олар өзара келісімге келсе, Қазақстан үкіметінің қаржы және экономика секторларына өз шарттарын қоя алатын деңгейге жетеді.

Американдықтар айтатындай «Too Big to Fail» (құлауға тым ірі) банктердің бірі болары анық. Енді бұл процестерді қаржы реттеушісі – Қазақстан Ұлттық банкі қалай қабылдайтыны қызық болмақ. Жаңа алпауыт банк құруға рұқсат береді ме, жоқ па – келесі апталар көрсетеді.

Ал жабылатын банктердің клиенттеріне келсек: а) олардан ешкім сұрамайды, б) мұндай жағдай бұрын да болған, в) қазіргі жағдайды қабылдап, ForteBank ұсынатын қызметтер мен шарттарға назар аударуға тура келеді.