«Қолмен тігілген шапан сыйлады». Илон Масктың анасы Алматыдан алған әсерін айтты

Фото: pressa.rv.ua

Танымал инженер, миллиардер Илон Масктың анасы модель, диетолог 76 жастағы Мэй Маск Алматыға келіп, бизнес форумнан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды 0zgeris.info.

Әйгілі модель Орталық Азия әйелдерінің форумын арнайы шақырылған еді.

«Бизнес форумға спикер болып қатысқаныма қуаныштымын. Арнайы шақырған ұйымдастырушы ханымдарға рақмет. Көптеген кітапқа қолтаңба қойдым. Әдемі қолмен тігілген шапан сыйлады. Сұлулық пен табысқа қатысты кеңесімді бердім», – деп жазды Мэй Маск.

Айта кетейік, Мэй Маск Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болды. Ол тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына сәттілік тілегенін жазған едік.

“Қазақстан туралы ештеңе білмеппін. Бірақ мен шытырман оқиғаларды ұнатамын. Жаңа адамдарды, жаңа мәдениетті зерттегенді жақсы көремін. Ел қатты таңғалдырды”, – деп әсерін бөліскен еді әйгілі инженердің анасы.

АҚПАРАТ SMARTNEWS.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН