Биыл 26 миллионнан астам астық жиналды: Фермерлер қауымдастығы Тоқаевқа алғыс айтты

Фото: Pixabay.com

Қазақстан Фермерлерінің қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Фермерлер қауымдастығының басшысы 60 мың шаруа қожалығының, егіс алқаптары одағының 15 мың мүшесінің және 150 ірі шаруа қожалығы мен картоп және көкөніс өсірушілер одағының, Жамбылдық қызылша өсірушілер қауымдастығының атынан биылғы қиын-қыстау кезеңде шарулардың қол жеткізген жетістігі туралы Мемлекет басшысының атына хат жолдады.

Шаруалар Мемлекет басшысына Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласын қолдау білдіргені үшін алғыстарын білдірді. Хатқа Қоғамдық бірлестікітің басшысы мен саланың белді өкілдері болып саналатын Еңбек Ерлері де қол қойды.

Барша қазақ диқандарының атынан ауыл шаруашылығына бұрын-соңды жасалмаған қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Соның нәтижесінде егіс алқаптарында оң нәтижеге қол жеткіздік.
Биыл Қазақстанда 26 миллион тоннадан астам астық жиналды. Орта есеппен он алты центнерге жуық өнім алсақ, кей алқаптардан гектарына қырық-елу центнерден өнім алынды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы нәтиже! Мұның барлығына сіз көрсеткен қолдау арқылы қол жеткіздік, — деп жазылған хатта.

Үндеуде жазылғандай, биылдың өзінде 20 мыңнан астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған. Уақытында несиелендіру егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті ресурстарды тез алуға мүмкіндік берген.

Бізге жасалған барлық жағдай жұмысымызды бірнеше қадам алға жоспарлауға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап келесі егіннің алғашқы қаражатын ала алатынымыз ерекше қуантады. Сіздің бұл шешіміңізді еліміздің әрбір шаруасы қуана қабылдады. Енді мүмкіндігінше аянбай еңбек етіп, еліміз үшін көп нәрсені істеу үшін бірге дамып, халықтың жалпы әл-ауқатын жақсартатын уақыт.
1,2 миллионға жуық азаматымыз ауыл шаруашылығында еңбек етеді, ал олардың отбасын есепке алғанда, 4 миллионнан астам қазақстандық ауыл шаруашылығы саласының жағдайына тікелей тәуелді. Біздің жұмысымыздың нәтижесі — әр адамның дастарханында күнделікті нан болуы, — делінген үндеуде.

Фермерлер қауымдастығының  мәлімдеуінше, Қазақстандық өнім елімізден тыс жерде де жоғары бағаланады. Бірақ мемлекеттің көмегінсіз мұндай жетістікке жету қиын.