Әнші Say Mo дене бітімін өзгерту үшін ота жасап, оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Өнер иесі ауруханада жатқан видеосын көрсетіп, отаның сәтті өткенін айтты.
“Ішім мен бүйірімнен бір литр май алынды. Өте білікті дәрігерлерді таңдадым. Медицина тілінде липосакция деп аталады. Соның көмегіне жүгіндім. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Ауруханаға анам да келді. Түрлі ұйықтататын дәрілерден әлсіреп қалдым. Бірақ екінші күні өзімді жайлы сезіндім. Екі апта бұрын анализдер тапсырып дайындалдым. Спортпен айналыссам да, ішімнің майын кетіре алмадым. Ақыл айтқыштар түрлі кеңес берді. Мен бәрін жасап көрдім. Бірақ еш нәтиже болмады. Енді менің киімдерім де өзгеретін болды. Бұл отаның нәтижесі бір айдан кейін белгілі болады. Маған түрлі пікір жазып жатқандарға алғыс білдіремін”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, Say Mo блефаропластика жасап, жанкүйерлеріне операцияның нәтижесін бірден көрсеткен еді.
«Жігіттер, ертең мен операция жасаймын. Сәттілік тілеңіздер. Қалай ойлайсыздар, операция қандай болады?», – деп жазған еді рэпер.
ПІКІР ЖАЗУ