«Сіздерге де бұйырсын»: Асан Пердеш халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/asan_perdeshov

Қазақстандық әнші Асан Пердеш ұлды болды, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Әнші қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, өмірге келген сәби — Асан Пердештің үшінші баласы.

«Аллаға шүкір, үшіншіміз. Ұлдың атын Бақыт деп қойдық. Барша келген қонақтарға, достарға үлкен алғыс айтамын. Табанасты шығамын деп қалды, ештемеге дайындалып үлгермедік, көп достарыма айтып үлгермедім, ренжімеңіздер. Бұның бәрі бір Алланың қалауы. Елдің батасы, ата-анамыздың дұғасы деп білемін… Сіздердің де отбасыларыңызға осындай Абадан бұйырсын», — деп жазды ол баласын перзентханадан шығарып алып жатқан сәтін бөлісіп.