Көрпеден қан өткенше қинаған: Анасы мен қызын аяусыз өлтірген мектеп мұғалімінің ісі не болып жатыр

Осыдан бір ай бұрын Келес ауданында жантүршігерлік жағдай орын алды. Мектеп мұғалімі 15 жастағы қыз бен оның анасын аяусыз өлтіріп тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

30 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 15 жастағы қызға сөз білдіріп, кездесуге ниет жасаған. Алайда үлкен ер азаматтан шошынған мектеп оқушысы бар жағдайды анасына айтып берген. Анасы болса жұмыс орнына барып, мұғалімнің құйтұрқы әрекетін басшылыққа жайып салған.

“Көреміз” ток-шоуы істі әрі қарай зерттеп, қылмыстың бетін ашты.

30 жастағы ер адам Келес ауданының бұрыннан бері келе жатқан тумасы болып шықты. Ауылдастарының барлығы таниды. Айтуынша, сол күні ішімдік ішкен. Бірақ егізі Абылайдың сөзінше, Абай “анаша” шеккен.

Редакцияға келген көршісі көзбен көрген сұмдық оқиғасын бүге-шүгесіне дейін айтып берді.

Белгілі болғандай, қылмыскердің үш баласы бар, және келіншегі төртінші сәбиіне аяғы ауыр.

Айта кететін жайт, марқұм қыздың әкесі де 15 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан. Іс сол күйі қаралмаған. Ашынған қыз мектеп бітірген соң тергеуші боп қызмет еткісі келген. Арманы сол болған…


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...