Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде әріптесі Олжас Абайдың видеосын жариялап, екеуінің арақатынасы туралы айтты. Өнер иесі актермен қатты ұрысып қалатын кезі болатынын жасырмады, деп жазады ozgeris.info.
Дариға Бадықова Олжас Абайдың бейнежазбасын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Онда қос актердің кемеде тұрғанын көруге болады. Бадықова аталмыш видеоға қатысты жазба қалдырып, елді ойландырып қойды. Өнер иесі әріптесімен арақатынасы туралы шындығын айтқан. Ол Олжас Абаймен қатты ұрысып қалатын кездері болатынын жеткізді. Алайда сондай сәттерде оларды татуластыратын адам болмай қалатынына күйінді, деп жазады nur.kz.
«Екеуміз екі жаудың баласындай тас-талқан боламыз. «Әй қойыңдар» деп бір адам татуластырмаған. Керісінше концертімізді көреді. Неге сонда», — деп жазбы Бадықова.
ПІКІР ЖАЗУ