«Ішкі сезімім алдамайды, сен чемпион боласың, балам». Елдос Сметов бизнесмен болмақшы

olympic.kz

Дзюдодан Қазақстанның намысын қорғаған Олимпиада чемпионы Елдос Сметов анасының оның триумфын қалай болжағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Париждегі Олимпиада ойындарының алдында Сметов Азия чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін спортты тастамақ болды, бірақ анасының қолдауы оның шешімін өзгертті.

«Олимпиадаға үш ай қалғанда Азия чемпионаты өтті. Сол кезде мен 7-ші орын алып, ұтылдым. Жүлдеге де ілінбедім. Әбден ашуланып шықтым. Сол жақтан әкеме телефон ооғып, ұтылып қалғанымды, спортты қоятынымды айттым. Шаршағанымды, жарақат алғанымды, түнде дұрыс ұйықтай алмайтынымды, қысқасы «жалобымды» айтып жатырмын ғой енді спортты қоям деп. Сол кезде әкем Олимпиадаға жолдама алуға алда тағы екі жарыс өтетінін, ұпай жинауға мүмкіндік бар екенін айтты. Сосын «мамама» сөйлестім. Оғанда айтып жатырмын ғой шағымдарымды, ойладым, «балам қойсаң қояғой» деп айтатын шығар деп. Мамам, «бір өтінішім бар, тыңдашы» деді. Айттым, «мама, не айтсаңда сені тыңдаймын ғой, айтағой, не дейсің?» деп. Ойлап тұрмын ғой, бір өтініші, шаруасы бар шығар деп. «Балам, спортты тастама, іштей сезетін сияқтымын, сен Олимпиада чемпионы болсың. Ішкі сезімім алдамайды, сен чемпион боласың, балам» деді. Мен Азиядан жеңіліп, спортты тоқтатам деп жүргенде, Олимпиада чемпионы болатынмды анам білген. Ана жүрегі ешқашан алдамайды», — деді Елдос Сметов.

Енді Елдос спорттық мансабын аяқтап, бизнес пен білім беруді қоса алғанда, басқа да салаларда дамуды жоспарлап отыр. 2024 жылдың қаңтарында ол Лондонға аттанып, төрт ай бойы ағылшын тілін үйренеді. Сметов спортта ғана емес, бизнесте де жаңа биіктерге жетуге ұмтылатынын атап өтті.

Елдос сөз сөйлеген «Sana» форумы түрлі салаларда табысқа жеткен қазақстандық кәсіпкерлер мен кәсіпқойларды жинады.

Ақпарат qazaq.today сайтынан алынған.