Путинді трибуналға «Нюрнберг стилінде» әкелуге шақырған Үндеуге миллионнан астам адам қол қойған.
Петиция авторлары Украинадағы соғысқа кінәлілердің барлығын сотқа беруді талап етеді.
«Оны (Путинді) жауапқа тартудың күшті жолы бар: оны осы жантүршігерлік әрекеті үшін жеке айыптап, Нюрнберг үлгісіндегі жаңа трибуналға тарту керек» делінген петицияда.
Петицияға осы уақытқа дейін 1,1 миллионнан астам қол жиналды. Олардың саны әлде де арта түсуде.
Айта кетейік, Нюрнберг соты – нацистік Германияның бұрынғы басшыларына қатысты әлемдегі ең әйгілі сот процесі. Ол 1945 жылғы 20 қарашадан 1946 жылғы 1 қазанға дейін Нюрнбергтегі (Германия) Халықаралық әскери трибуналда өтті.
”ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ