ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі EGOVPRESS Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Екі жылға бас бостандығын шектеуге сотталған Нұрасыл Болат түнгі уақытта басқа қалада серуендеп, ойын-сауық орындарында керемет іс-шараларға қатысып жүр. Ол Арая Искакова атты блогердің Instagram парақшасында блогердің туған күнінде жүргені байқалды.
Айта кетейік, ол жазасын Астанада өтеп жатыр, ал бейнежазбадағы іс-шара жақында Алматыда өтті.
ПІКІР ЖАЗУ