Қарағандыда автобус адам өмірін жалмады

Фото: Pixabay.com

Қарағанды полиция департаменті автобус көктайғақ салдарынан жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

«12 қазан күні сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметтері бойынша күннің күрт сууы және көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған.

Шахтинск және Теміртауда да жол-көлік апаттары болып, нәтижесінде екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бір тәулікте ішінде тіркелген 19 жол-көлік оқиғасы жәбірленушілер мен зардап шеккендерсіз өтті.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом