Қостанай облысының бұрынғы басшысы қайтыс болды

Белгілі мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 85 жасында қайтыс болды. 90-жылдардың басында ол Қостанай облыстық әкімшілігінің басшысы болды. Шенеуніктің қайтыс болғаны туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жазды, – деп хабарлайды ozgeris.info.

Әкім Кенжебек Укиннің туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

«Кенжебек Укиннің Укиннің өмірден озғаны туралы суық хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды.

Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», – деп жазды Құмар Ақсақалов инстаграм-парақшасында.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит