Елдос Сметовтің тойында Нұрлыхан Шархан Iphone 15 Pro Max жеңіп алды

Kazakhstan's Nurlykhan Sharkhan celebrates after winning against Switzerland's Daniel Eich in the men's -100kg bronze medal bout during the Paris Grand Slam judo tournament in Paris on February 4, 2024. (Photo by EMMANUEL DUNAND / AFP) (Photo by EMMANUEL DUNAND/AFP via Getty Images)

Парижде Қазақстанның намысын қорғаған дзюдошы Нұрлыхан Шархан Елдос Сметовтің «Алтын тойында» Iphone 15 Pro Max телефонын ұтып алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жақында Олимпиада чемпионы Таразда дүркіретіп той жасаған болатын. Тойға өте көп қонақ келген. Арасында өнер, спортта жүрген танымал тұлғалар көп. Тойдың асабасы Сабыржан қонақтар арасында ойын ойнатып, Сметов жеңімпазға Iphone 15 Pro Max телефонын сыйлады.

Актер Шерхан Пірназар, айтыскер ақын Сырым Әуезхандармен сайысқа түскен қызылордалық балуан Нұрлыхан Шархан өзінің өнерге де жақын екенін байқатты. Ол бірнеше биді билеп, өнер жұлдыздарын шаң қаптырды. Сөйтіп, Iphone 15 Pro Max телефонына ие болды.

Айта кетейік, Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейін салмақта өнер көрсететін қызылордалық балуан. Ол биыл Парижде өткен Гранд Слэм турнирінде қола медаль алған. Олимпиадада 1/8 финалда өзбек спортшысы Мұзафарбек Тұробаевтан жеңілді.

АҚПАРАТ 1BOL.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН