Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт шығып, бес бала қайтыс болды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оқиға таңғы сағат 4:29-да жеке ауланың аумағында болған. Өрт шығып, тұрғын үйдің төбесі құлаған. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде барған.
Өрт болған кезінде үйде үлкендердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған кәмелетке толмаған балалар болды. Үйінділерді тазалау кезінде бес баланың мәйіті табылды. 2011 жылы туған үлкен бала зардап шекпеген, — делінген ақпаратта.
Алдын ала ақпарат бойынша, балалардың анасы үйінде болмаған. Жұбайы бас бостандығынан айыру орнында отыр.
Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерделеу тағайындалды.
Психологтар туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмекті, оның ішінде материалдық көмекті де көрсетеді.
ПІКІР ЖАЗУ