Алматыда ірі компанияның директоры жоғалып кетті

Фото: Іnstagram.com/yermek

Алматыда Lenovo компаниясының директорларының бірі Ермек Жәкіпжанов жоғалып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Жоғалмас бұрын ер адам әдеттегідей жұмысқа кеткен. Бұл оқиға 9 қазан күні шамамен 07:30-да болған.
Жәкіпжанов Hyundai Genesis көлігімен жүрген. Ер адамды іздеумен Алматының «LIDER.KZ» еріктілері айналысып жатыр.

Фото: LIDER.KZ