«Мен не істеуім керек, кеңес беріңізші?». Қарағанды әкімі тұрғындардан көмек сұрады

el.kz

Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов қала тұрғындарынан көмек сұрады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл жолы қала басшысы Федоровкадағы қараусыз қалған Мәдениет сарайына қатысты кеңес сұрады. 2024 жылы 9 қазанда Instagram-дағы бетінде жарияланған бейнеүндеуінде Қожықов қолында бір стақан кофе ұстап, нысанның тағдыры туралы сұрақ қояды.

Әкім қала тұрғындарынан Сарайды коммуналдық меншікке беру туралы көптеген ұсыныстар келіп түскенін, бірақ соңғы шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

«Мен не істеуім керек, кеңес беріңізші?» — деді Қожықов Қарағанды тұрғындарына.

Мейрам Қожықов — қала тұрғындарымен қарым-қатынас жасау үшін әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын, қала өміріндегі жаңалықтар мен өзгерістерді үнемі бөлісетін санаулы мемлекеттік қызметкерлердің бірі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кожухов Мейрам (@meiram_kozhukhov)