«Бюджеттен ең көп ақша алатын құрама, 10-1 ұтылып жатыр»: Нұрлан Қоянбаев «Барыс» туралы

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев бюджет қаржысын алса да, ешқандай нәтиже көрсетпейтін хоккейшілер мен велоспортшыларға шүйлікті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барыс» неше жыл бюджеттен ақша алып жатыр? Неге журналистер осыған мән бермейсіздер? Құрама нәтиже көрсетпейді! Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Миллиардтаған ақша айтысқа немесе көкпарға бөлінсін! Қазақстанда бюджеттен ең көп ақша алатын команда, үйде 1-10 болып ұтылып жатыр», — деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Ол «Астана» велокомандасының құрамында бірде бір қазақ азамат жоқ екенін атап өтті.

«Астана велокомандасы да жүр жыл сайын бюджеттен ақша алып. Араларында бір қазақ жоқ, нәтиже де жоқ. Құрметті журналистер осыларға мән берейікші», — деп жазды ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...