«Бұл өте қорқынышты жағдай». Ринат Зайытов Талғардағы қылмыс туралы түсінік берді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Талғарда 16 жасар Шерзаттың өлтірілгені туралы түсінік берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Депутат барлық кінәлілер заң алдында жауапты болуы тиіс деп санайды. Ол осы қорқынышты қылмысқа күдіктілердің ашық сотын жақтайтындармен келіседі.

Кеше ғана шолып шықтым, толық таныстым деп өтірік айтпайын. Сол жердегі айтып жатқан адамдардың айтқаны рас болатын болса, бұл өте қорқынышты жағдай және бұған мән беру керек. Оның алдында да болған жоқ емес, болды, біздің талай лауазымды, қалталы адамдардың балалары осындай қылмыс жасап, сытылып кеткен. Қазір енді прокуратура, ішкі істер министрлігі бақылауға алып жатырмыз деп жатыр, нәтижесін ғана күтеміз. Мен бұл сотты ғана емес, біраз сотты ашық болғанын қалаймын, деді Ринат Зайытов.