«Қара бала деген н**р ма?»: Желіде Қарақат Әбілдинаның марқұм Абылай Дүйсенге қойған сұрағы талқылануда

Фото: видеодан кадр

Желіде Арман Дүйсеновтың марқұм баласы Абылай Дүйсеннің кішкентай кезінде «Хабар» телеарнасындағы бейнежазбасы тарап жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Хабар» телеарнасындағы «Бенефис-шоу» бағдарламасында Арман Дүйсеновтың балалары Арай мен Абылай каратэ спортынан қара белбеу иелері екені айтылып, АҚШ-та өткен жарысты еске алды.

Ол кезде өте қиын болды. Менімен қарсылас болып 24 бала шықты. Олардың ішінде бір қара бала болды. Шынымды айтсам, одан қорықтым, деді Абылай.

Қарақат Әбілдинаның «Қара бала деген н**р ма?» деген сұрағына Абылай «иә» деп жауап беріп, әкесі «Ұялғаннан айта алмай отыр ғой.» деді.

Өзімді ақ деп санамаймын. Ол өте бойлы болды. Сосын мен сасқалақтағаннан ба, әлде шаршағаннан ба, одан ұтылдым. Бірақ, Құдай қаласа келесіде Америкаға ұшып, реванш алып оны жеңетін шығармын деген үміттемін, деп жалғастырды Абылай.

Қыдырәлі Болманов Абылай Дүйсеновтың «Өзімді ақ деп санамаймын» деген сұрағына «Оның жанында ақсың ғой» деп жауап берді.