«Көп өмір сүріп қойдыңдар ма?»: Алматының автобусында үлкен кісілер мен жастар орын үшін дауласты (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Tiktok әлеуметтік желісіне видео жүктеген автор Алматыдағы автобус ішінде болған дауды бастан-аяқ баяндаған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Үлкен ер адам үшін орын сұраған әйел адам жастарды табалап, екі қызға «ұятсыз екенсіңдер» деп дауыс көтеріп, айқай салады. Жастар болса, автобуста ешкім ешкімге орын беруге міндетті емес екенін алға тартқан.

«Көп өмір сүріп қойдыңдар ма? Көп көрдіңдер ме? Бұл — үйдегі тәрбиеден емес, адамның санасына байланысты нәрсе. Менің қызым ешқашан автобуста үлкен кісілерге орын бермей отырмайды», — дейді жастарды кінәлаған әйел.

Видеоға пікір жазғандар екі бойжеткенге ақыл айтып, әйелді сотқа беруге болады дейді. Себебі қоғамдық орындарда ешкім ешкімнің ар-ожданына тие алмайды.

«Жастар шаршамай ма? Айтарға сөзім жоқ. Мәдениетті түрде «қызым, орын берші» десе, кез келген адам қабылдап, орнын ұсынар еді. Біз де таңертең кептелісте тұрмас үшін ерте 5-6-да шығып, сабағымызға барып, кейін жұмыстан кешке үйге қайтарда автобуста отырып барғымыз келеді. Тәрбиесіне, ата-анасына тіл тигізгені дұрыс па? Әйелді әйел түсінбесе, кім түсінеді?», — деп жазды халық.

@yerkezhanm__ Біз адам емеспізбе? Қазіргі жастаар…….,біздің кезімізде….. Мына сөздер біздің уже басымыздан асып тұр, бірдеме болса жастарды кінәләп бастайды, жастар адам емеспе? Жастар шаршамайма? Жастарға ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ отыруға болмайма??? Айтарға сөз жоқ мүлдем. Мәдениетті түрде, қандай жастағы адам болсада келіп,-қызым/ балам орын берші десе кез келген адам дұрыс қабылдайды, сөзсіз орын береді. Бізде таңертен пробкаға түспес үшін 5-6 дан уйден шығып, сабаққа барып, одан жұмысқа барып, тіліміз салақтап қайтып келе жатқанда, бір кішкене үйге дейін отырғымыз келеді, енді отырғанда ОҢБАҒАН, АЙУАН,ЕШАК, МАЛ деп айқайласа, тәрбиең мен ата-анаңа тіл тигізсе қалай қарап отырасың? Студент болып тілің салақтап, басынды сүйейтін жер таппай жүргенде үлгі тұтар үлкендеріміздің қылығы осы. Менде тұрып орын бердім апаға, орынға отырып алып айтып отырған сөзі- қазіргі жастар деп , бұл қашан тоқтайды??? Әйелді әйел түсінбесе не болды? Менде ауырып отырсам орын бермес едім!! Өзіңе емес еще айналасыңа орын қамтамасыз етіп, кірген шыққан жастармен алысып , мазаңды алғанды қашан қоясыздар?? Неге ылғи жастар кінәлі болу керек? Біз адам емеспізбе? Мына кісі кіргеннен қолына соткасын алып видеоға түсіріп әлек болды, оны мында отырған қыздарда білмейді, бірақ мына видеоны түсірмеске болмады…. Бұғанға дейін иә автобустарда әртүрлі жағдайлар болған, бірақ мына жағдай енді пределына жетті Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен алыс өлгенше! #автобус#ВэтотДень#алматы #жастар#рек#реком #рекомендации ♬ оригинальный звук — Gylymmedden Yerkezhan

АҚПАРАТ AZATTYQ-RUHY.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН