Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауын ел қызу талқылауда, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Шоу-бизнес өкілінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова жеке парақшасында қыз жасауының видеосын жариялады.
«Қыз бергеннен келін алған оңай ма?» деп қалдық. Сағат таңғы 2:ОО. «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» деп әжелерім, жеңгелерім, достарымды шақырдық. Бәріміз жүкті тас тұйнақтай етіп жинап, дайындап қойдық. Сіз де қыз ұзатып, келін алып бүкіл жиған-тергеніңізді осындай қуанышты күнге шашыңыз. Қалың малсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды. Әне-міне дегенше бұл күнде келіп жетті. Жалпы қыздың жүгін 6 жастан жинаса асады, 7 жастан жинаса жетеді деген сөздің түпкі мағынасын енді түсініп жатырмыз», – деп жазды блогер ару.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қыз жасауын қызу талқылап жатыр.
«Ас та, төк ысырапшылдық екен», «Бір үйдің ақшасы кетті-ау. Ыдысының өзі миллион теңгеден асады», «Бізге де жұғысты болып, осылай жасау жинайық», – деп видеоны көрген желі қолданушылары.
@symbatabaykyzy 6 млндық соболь😍😱 #сымбат #рек #хочуврек #қазақстан #актау #шымкент #алматы ♬ BAXA ESINE ALYP TURASYNBA — Baxa.sm
ПІКІР ЖАЗУ