Ақтауда қыздар «банда» құрып, өздерінен кішілерге күш көрсеткен

Ақтауда кәмелетке толмаған қыздар буллинг жасау сәттерін видеоға түсіріп, өз қылмыстарын өздері әшкере еткен.

Lada.kz редакциясына бір қыздың екіншісін ұрып-соғып жатқан видеосы жіберілген. Видео жанында аудио жазба да бар. Онда ата-ананың бірі 19-21 жас аралығындағы қыздардың топтасып «банда» құрғаны, өз айналасына жасөспірімдерді жинап жатқаны айтылады. Олар қит етсе, кіші қыздарды ұрып-соғып, қысым көрсетіп, қорқытып-үркітетін көрінеді.

Менің қызым ақымақтығы кесірінен олардың қолына түсіп қалған. Олар сауда орталықтарында жүрген қыздармен танысып, әдемі екенін айтып, достық ұсынады. Осылайша, өз орталарына тартады. Қалай олармен сөйлесе бастайды, солай олардың тұзағына түседі, содан кейін манипуляцияға ұшырайды. Олар қыздарды қорқытады, ұрады. Ұрып-соғу сәтін камераға түсіріп, әлеуметтік желілерге салады, – деді қыздардың бірінің анасы.

Осындай видеолардың бірінен жасөспірімнің басынан аямай ұрған қызды көруге болады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств