Алашордалықтар бейнесіндегі актерлер сайлаушыларды таң қалдырды(ВИДЕО)

Бейнеден кадр

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында 6 қазанда, референдум өтетін күні ерекше акция өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Алашордалықтарға арналған «Аманат» спектаклін қоюға қатысқан актерлер сайлау учаскелеріне тарихи тұлғалар түрінде келген.

Учаскелерде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев және Сүгір сияқты көрнекті қайраткерлерді бейнелейтін кейіпкерлер пайда болды. Осылайша олар елдің одан арғы саяси бағытын айқындайтын референдумға қолдау білдірді.

Дауыс берушілер осы маңызды оқиғаға тарихи түс беріп, актерлермен ұлттық қаһармандар бейнесінде суретке түсу мүмкіндігін жібермеді