Қырғызстанда 10 жасар қызды LX470-пен қағып өлтірді(ВИДЕО)

Бейнеден кадр

Бішкектің Арча-Бешік шағын ауданындағы жеке меншік балабақшаның ауласына LX470-пен қағып кірген 16 жасар жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бішкек қаласы ІІББ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 қазан күні кешке Ер-Тайлақ көшесіндегі № 134 үйдің жанында орын алған. Lexus 470 автокөлігін жүргізген жасөспірім басқаруды жоғалтып, жолдан шығып кеткен. Көлік 10 жасар қызды қағып, жеке меншік балабақшаның қабырғасына кірген. Қайғылы оқиға орнында қыз қайтыс болды. Жүргізушіге қатысты «Автокөлік құралдары қозғалысы және оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жасөспірім уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

@jasgul44

♬ оригинальный звук — 🇰🇬Кыргызстан 🇰🇬