Жанар Айжанова instagram парақшасында марқұм жолдасың еске алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Айжанова жолдасының сыныптастарымен түскен фотосын жариялап, соңғы отырыс екенін айтты.
“Айжұлдыздың папасымен түскен суретіміз барлық жерде жүр екен. Мен де біреуін қосайын. мынау қайтыс боларынан бір күн бұрын сыныптастарымен бірге болған күніміз. Маған өзі қолқа салып, “Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен” деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де қосылып отырды. Құрдастары сен де әнші болып кетпе деп қалжыңдаған еді. Көңілді кеш болып, тарқастық. Ертеңіне қазір келем деп кеткен еді, содан оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ” деген осы шығар?! Сыртымыздан қараған адамға маңдайымызға шаң тимегендей көрінетін шығармыз. Жатыр ғой бітеу жара ішімізде”, – деп жазды пост асытна.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ