SpaceX Starlink-тің спутниктерімен бірге зымыран ұшырды

Америкалық SpaceX компаниясы Starlink микросеріктерінің Falcon 9 зымыран-тасығышын ұшырды. Трансляция компания сайтында жүргізілді, деп хабарлайды «ozgeris.info» «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшырылым 00:42-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 10:42)  Канаверал мүйісіндегі (Флорида штаты) ғарыш айлағында болды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, зымыранның бірінші сатысы бұрын 11 ұшыруда қолданылған. SpaceX қызметкерлері  Falcon 9 элементін қайтадан Жерге қайтаруға ниетті. Жоспарға сәйкес, ұшырылғаннан кейін саты автоматты түрде Атлант мұхитындағы қалқымалы платформаға түсуі керек. Бұл технология компанияға ұшыру құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Starlink желісі салмағы 260 кг болатын көптеген құрылғыларды орналастыру арқылы интернет қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған. SpaceX жалпы саны 11 000 спутникті ұшыру және оларды пайдалануға беру 10 миллиард долларды құрайды деп есептейді.

Компания сендіргендей, олар 5G стандартына сәйкес келетін 1 Гб/с трафик жылдамдығымен кең жолақты интернетті қамтамасыз ете алады. 2019 жылдың мамыр айынан бастап SpaceX орбитаға 2000-нан астам жер серігін шығарды.

 

«ozgeris.info»