«Атын қызым қойды». Мейрамбек Бесбаев қызына қандай есім таңдалғанын айтты

Фото: instagram.com/m_besbaev

Мейрамбек Бесбаевтың қызына қандай ат қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Күні кеше жаңа туған сәбиін перзентханадан дүркіретіп шығарып алған әнші Мейрамбек Бесбаев қызын Айзия деп атаған. Бұл туралы МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев айтты.

«Қызымыздың атын сұрап жатқан жандарға арналады. Кәусар қызымыз кішкентай бүлдіршінді Айзия деп атады», — деді әнші.

Бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың үшінші сәбиін перзентханадан дүркіретіп шығарып алғанын жазған болатынбыз.

АҚПАРАТ SN.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН