Бүгіннен бастап «Air Astana» әуе компаниясының ұшақтарымен ересектердің қарауынсыз ұшатын балалар үшін ақы төленеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Ересектерсіз жолға шығатын 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін арнайы алым төлеу керек. Оның құны бір жағына — 9 750 теңге немесе 20 АҚШ доллары. Бұл қаржыға борт қызметкерлері сапарлайтын баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап баратын жердегі жауапты тұлғамен кездесуіне дейін алып жүреді. Кішкентай жолаушылар ұшаққа бірінші болып мініп, соңғы қатарда отырады әрі оларды экипаж бақылайды», — делінген хабарламада.
Әуе компаниясының мәліметінше, заңды өкілдер баланы стюардессаларға тапсыру үшін әуежайға ұшу уақытынан кемінде 1,5-2 сағат бұрын келуі керек. Балаларды ұшақпен жалғыз тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды қолдануға рұқсат етілмейді.
ПІКІР ЖАЗУ