Ұлттық ұлан 44 млн теңгеге сағат сатып алуға конкурс жариялады

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімшесі жалпы құны 44 330 350 теңгені құрайтын 993 дана ерлер механикалық сағатын сатып алуға конкурс жариялады, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Azattyq Rýhy» сайтына сілтеме жасап.

Әр сағаттың құны — 44 643 теңге. Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған конурстың құжатында тапсырыс беруші сағатта Ұлттық ұланның рәмізі басылуы және табиғи былғары бау болуы тиіс, сол сияқты Елтаңба бейнеленіп, «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі» деген жазуы бар әр сағат жеке қаптамада болуы керек екені атап өтілген.

«Қабылдау кезінде сатып алу шарттарына сәйкес сағаттың сапасына сатушы есебінен толық сараптама жүргізіледі. Әрбір көшірме өнімнің төлқұжаты және 12 ай мерзімге кепілдік талоны бар түпнұсқалық қаптамаға оралуы керек», — делінген құжатта.

Сонымен қатар, сағат сатып алуға Қазақстан Ұлттық ұланының Әскери институты да тапсырыс берген. Олар жалпы құны 36 160 716 теңге болатын 810 дана механикалық қол сағатын сатып алуға ниетті. Әр сағаттың құны 44 643 теңге болады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімінің «талғамына» қарағанда Әскери институттың талабы жоғары болып шықты.

 

«ozgeris.info»