«Кәмпит пен құлақшын бар». Оңтүстік Кореядан АҚШ-қа ұшқан әйел жұртты таңғалдырды

Фото: Instagram/seoulsky_vestnik

Сеулдан Калифорнияға 4 айлық баласымен ұшып бара жатқан кореялық әйел айналасындағылардың осындай ашулануынан сақтанғысы келіп, ұшар алдында 200 пакет таратты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Олардың әрқайсысында құлақшындар, тәттілер және мынадай мазмұндағы жазба болды:

«Сәлем! Менің атым Джун Ву, мен 4 айлықын. Бүгін мен әжемді көру үшін АҚШ-қа ұшып барамын. Мен біршама толқып, үрейленемін, себебі бұл менің алғашқы ұшуым, яғни мен жылап немесе қатты шу шығаруым мүмкін. Мен өзімді сабырлы ұстауға тырысамын, бірақ ешқандай уәде бере алмаймын… Кешіріңіз. Менің анам сізге кішкентай пакет дайындады! Мұнда кәмпиттер мен құлақшындар бар. Егер маған қатты шу шықса, оларды пайдаланыңыз. Саяхаттан ләззат алыңыз. Рахмет».

Джун Вудың анасы өзін ең үлгілі жолаушы ретінде танытқан баласы үшін бекер алаңдады. Бала 10 сағат бойы ұйықтады…


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец