“Бұл ісің әкеңе ұнамаушы еді“. Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі өмірі туралы

Фото: әлеуметтік желіден

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол жеке өмірі туралы «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында сыр шерткен.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, күйеуі қайтыс болғаннан кейін коммуналдық қызметтерді қалай, қайда төлейтінін білмеген екен.

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесінде де күйеуінің қаталдығы, ал өзіне жолдасының қолдау сөздері жетпегенін айтты.

«Үлкен ұлым Сағадат бағынбай кеткенде, «бұл ісің әкеңе ұнамаушы еді» деп айтамын. Себебі бала тәрбиесіне келгенде ұлдарыма әсер ететін басқа тәсілім жоқ. Ал өзіме келсем, Қайрекеңнің «қорықпа, бәрі жақсы болады» деген жылы сөзі жетпейді. Сол нәрсені сағынамын. Бұл жауапкершілікті мойныма алмаудың бір көрінісі шығар», – деді ол марқұм күйеуін еске алып.

Сұхбат кезінде Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болған соң оның мүлкі екі ұлы мен өзіне ғана емес, алты адамға ортақ бөлінгенін айтты.

«Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтуіміз керек болды. Яғни басқа балалары бар ма, бар болса, олар дәлелдеуі керек деген сияқты тұстары бар. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі, яғни мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді, – деді ол.

АҚПАРАТ MASSAGET.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН