«Депутаттарға берілетін пәтерде тұрмаймын»: Дәулет Мұқаев үйін көрсетті

фото: sn.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев депутаттарға берілетін үйде тұрмайтынын айтып, өзінің қазақи стильдегі үйін көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

“Мен депутаттарға берілетін пәтерде тұрмаймын. Бас тартқанмын. Өз үйім – өлең төсегім. Үйімдегі шкафтан біршама оқырман ою байқап, ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақтың үйі болған соң, қазақтың «исі» шығу керек. Аспашамды да әдейі шаңырақ етіп жасаттым. Балалар арасында орысша сөйлей бастаса, «әй, шаңыраққа қараңдар» деп отырамын. Байқадыңыз ба, тіпті ноутбуктың стикерлеріне дейін қазақша. Шынымды айтсам, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келгеніме қуанамын. Егер мен 20 жылдардың басында дүниеге келсем, “қазақ қазақ” деп қудалауға ұшырар едім. Біз бақыттымыз. Бірақ көп нәрсенің қадірін түсіне бермейміз», – деп жазды депутат.