«Анам екеуімізге ұнады»: Айгүл Иманбаева түркиялық дәрігерге құрсағын тексертті

Фото: qazaq.today

Болашақ бағдарламасы арқылы оқуға кетіп, дипломмен бірге күйеу де тауып қайтқан әнші Айгүл Иманбаева емханада құрсағын тексертіп жүр. Әнші видеосын Instagram парақшасына жүктеп, өзінің Ыстамбұлда қаралып жүргенін жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет. Мен қазір Ыстамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up. Анама және маған бұл емхана ұнады», — деп жазған әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойған.

Әншінің көрермендері оның сәбилі болуына тілекші болып, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

АҚПАРАТ QAZAQ.TODAY САЙТЫНАН АЛЫНҒАН