«800 мың теңге»: Қазақстанда қай сала мамандарының жалақысы жоғары

Бір жыл ішінде орташа жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс саласында тіркелді — 40,1%-ға жетіп, 715 244 теңге болды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап ozgeris.info хабарлайды.

Қазақстанда орташа жалақы өсімі өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 14,4%-ды құрап, орташа жалақы 383 365 теңгеге жетті.

Жалақы 40 пайызға өскеніне қарамастан, ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері жалақы деңгейі бойынша үшінші орында.

Бірінші орында қаржы және сақтандыру қызметі (800 690 теңге) және тау-кен өнеркәсібі (757 956 теңге) жұмысшылары.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласының қызметкерлері ең төмен жалақы– 235 153 теңге, сондай-ақ орналастыру және тамақтандыру саласының қызметкерлері — 239 181 теңге алады.

Экономикалық белсенділік тұрғысынан орташа жалақы және оның бір жылдық өсімі:

Қаржы және сақтандыру қызметі — 800 690 (+40,1%)

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 757 956 (+24,7%)

Ақпарат және байланыс — 715 244 (+24,6%)

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 492 349 (+23,6%)

Өнеркәсіп — 474 764 (+23,3%)

Көлік және қоймалау — 456 855 (+22,1%)

Өңдеу өнеркәсібі — 394 157 (+20,9%)

Құрылыс — 391 769 (+20,1%)

Электр, газ, бу, ыстық су және ауаны баптаумен қамтамасыз ету — 375 901 (+17,4%)

Білім саласы– 346 635 (+15,5%)

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу — 342 367 (+15,1%)

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру — 316 644 (+14,1%)

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер — 315 034 (+13,5%)

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету қызметі — 295 998 (+13,2%)

Басқа қызмет түрлерін көрсету — 290 465 (+12,0%)

Жылжымайтын мүлік операциялары — 266 971 (+7,2%)

Өнер, ойын-сауық және демалыс — 256 419 (+6,5%)

Сумен қамтамасыз ету; қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, ластануды жою — 246 181 (+5,6%)

Тұрғын үй және тамақтандыру қызметтерімен қамтамасыз ету — 239 181 (+5,2%)

Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 235 153 (+3,3