«Қалай жобалаған?». Көкшетаудағы жаңа жолдың құрылысы қала тұрғындарының наразылығын тудырды

Фото: видеодан кадр

Көкшетау қаласының жағалауы бойындағы жаңа жолдың құрылысы қала тұрғындарының наразылығын тудырды,деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі sinegor.kz Instagram парақшасына сілтеп.

Көкшетаулықтар мүгедек адамдармен  арбасы бар аналар үшін жағдайлардың жоқтығын көрсетті,

— Сәлеметсіз бе! Бүгін жаңа жолмен серуендедік. Пандустың жоқтығы таң қалдырды! Тас төселді, бірақ арбаға арналған пандустар жоқ.
Адамдар үшін тротуарды қалай жобалаған? Мұнда адамдар арбалармен серуендейді ғой,- дейді бейнежазба авторы.