Студенттерге колониядағы есірткі курьерлерінің өмірің көрсетті

polisia.kz

СҚО есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Петропавл студенттеріне әйелдер колониясына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Болашақ шаштараздар мен дәнекерлеушілер есірткі сатқаны үшін сотталған қыздармен кездесті. Есірткі салғаны үшін 10 жыл жазасын өтеп жатқан Қостанайдың екі тұрғыны «оңай ақша» оларды түрмеге қалай әкелгенін айтты.

— Бостандық пен туыстарыңызды бағалаңыз, — деп кеңес берді тұтқындардың бірі.

СҚО СӨП ЖПБ бастығы Руслан Сапаровтың айтуынша, мұндай экскурсиялар есірткі қылмысының алдын алу үшін тұрақты болады.