«11 млн шығын»: Қостанай әлеуметтік бейімделу орталығының басшысы жалған қызметкерлердің жалақысын жымқырған

Фото: creditcalc.kz

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 2017 жылдың қазан айынан бастап 2024 жылдың тамыз айына дейін «Қостанай қалалық белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдарды түрлі лауазымдарға жалған түрде жұмысқа орналастырғанын нақтылады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Жұмысқа орналасқандар іс жүзінде жұмыс орындарына шықпаған, өздерінің функционалдық міндеттерін орындамаған, бұл ретте олардың шоттарына түскен жалақы түріндегі ақшалай қаражатты басшы өзіне тартып алған», — делінген хабарламада.

Орталық басшысына мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру арқылы 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық іс Қостанай қаласының № 2 сотына жіберілді.

АҚПАРАТ CMN.KZ TELEGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ