Танымал әнші Ақбота Керімбекова Adal Adam Youtube арнасында өнердегі сымбатты жігіттердің бірі, көп қыздың арманы болған әріптесі Нұрболат Абдуллинді жұлдыз ауруына шалдығып, көкіректік танытатыны үшін сыйламайтынын айтты.
«Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Халық сүйсінетін өзіндік үні бар. Бірақ сый-құрмет жағынан қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мұны өзі де түсінер. Жалпы, ондай пікірде жалғыз мен ғана емеспін деп ойлаймын. Оның себебін айтсам, қазір жарқырап шықты ма кеуделерін аспанға тіреп қояды. Өмірінің соңына дейін солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып амандаспай кететін әншілеріміз бар, көріп тұрып көрмегенсіп кететіндер де көз көріп жүр. Ондай адамдарды мен сыйламаймын.
Мен Нұрболат Абдуллинді солардың қатарына жатқызамын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. Мына көкірегін түсірмесе ертең біздің жасымызға ол да келеді. Оның артынан мықтылар да шығады. Адам барынша қарапайым болуы керек. Жұлдыз болдым екен деп көкірегін керудің қажеті жоқ», — деді Ақбота Керімбекова.
ПІКІР ЖАЗУ