«Бәрі ұл деп жүрген еді»: Мейрамбек Бесбаев қызына өлең арнады

Фото: vk.com/meirambek_besbaev

Үшінші рет әке атанған әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат құттықтап жатқан көпшілікке алғыс айтты.  Өнер иесінің Кәусар есімді қызы мен Әбухайыр есімді ұлы бар еді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

“Ал, сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір. Кім босанды деп ойлайсыздар?» – деп жазған еді Мархабат.  Көп ұзамай әнші Заттыбек Көпбосынұлы құпияны жариялап қойды.  “Қызымыздың бауы берік болсын! Әбухайыр енді аға болды”, – деп жазды өнер иесі.  Одан кейін Мархабат Бесбаева өмірге келген сәбидің қыз екенін хабарлады.  «Бәрі ұл деп жүрген. Көптен күткен қызымыз дүниеге келді», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

АҚПАРАТ SMARTNEWS.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН