Әлеуметтік желіде Ақбота-Нұр мен Ермек Шынболатовтың сүйіскен видеосы тарады. Көпшілік «Дәстүр» фильмі арқылы танылған актер мен «Кешью» тобының бұрынғы солисін сынның астына алған, деп хабарлайды хабарлайды Ozgeris.info тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Видео TikTok желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Онда Ақбота-Нұр мен Ермек Шынболатовтың бір-бірін құштарлана сүйіп, артынша күліп жібергенін байқауға болады.
Ал видео авторы «Кино ма, шынайы ма?» деген жазба қалдырған.
Мұны көрген желі оқырмандары қос актердің әрекетіне түрлі пікір жазып қалдырды. Көпшілік Ақбота-Нұр мен Ермектің арасында сезім болуы мүмкін деп те топшылады.
«Не болып кетті?», «Не болса да, шынайы іс-әрекет көрдім», «Кино болса, тілге тіл тигізбейді ғой», «Үйленген жігіт еді ғой», «Таңғалып отырмын, бірақ бақытты болсын», «Әдемі жарасады», «Масқара», «Болмады мынау енді», «Қазір ештеңеге таңғалмаймыз», «Әдемі», «Бақытты болса болды ғой», «Кино шығар», «Ұялса болады ғой», «Онда тұрған ештеңе жоқ», — деп жазды олар.
Айта кетейік, Ермек Шынболатов халыққа «Дәстүр» фильмі арқылы танылып, кейін «Қашан туасың?» сериалында бой көрсетті. Ал Ақбота-Нұр осыған дейін «Кешью» тобында ән шырқады. Кейінгі уақытта ол отандық сериалдар мен фильмдерде басты рөлде бой көрсетіп жүр.
Видеодан кадр: tiktok.com/ @fan.akbota.ermek
ПІКІР ЖАЗУ