Петропавл әуежайы сатылады. Шарт бойынша нысан сенімді басқаруға беріледі. Бірақ меншік иесі оны 3 жылдан кейін қызмет түрін өзгертусіз толық сатып ала алады, деп хабарлайды ozgeris.info «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Жергілікті билік өкілдері: «Коммуналдық мекеме өз – өзін ақтамайды. Сондықтан әуежайды бәсекелестік ортаға беруді жөн санадық», — дейді.
Инвестор жөндеу жұмыстары мен құрал – жабдықтарды жаңартуға 1,5 млрд теңге салуға міндетті. Қазір Петропавлдан Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларына ұшуға болады. Сәуір айында Ресейдің Түмен облысына рейс жоспарланған.
«Қаржы басқармасы байқау өткізді. Оның қорытындысы бойынша әуежайдың бағасы белгіленді. Нысанның бастапқы құны 5,6 млрд теңге болады»,– деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов.
ПІКІР ЖАЗУ