«Ақшасын беріп қойғанбыз». Өскеменде тұрғын үй кешені 3 жыл бойы салынып жатыр

Фото: Instagram/@osa_news_vko

Өскемен қаласында 2021 жылы «Emeralds» тұрғын үй кешенінің үлесіне кірген адамдар әлі үйдің кілтін алған жоқ, деп хабаарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы osa_news_vko Instagram парақшасында айтылды. Жоспар бойынша, үйде тапсыру мерзімі 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында еді.

Біз, Emeralds ТК үлескерлері, құрметті облыс және қала әкімдерінен Emeralds ТК құрылысын аяқтауға көмек көрсетулерін сұраймыз. Біз брондау шартын 2021 жылғы қазанда жасадық, Тапсыру мерзімі 2022 жылғы 4-тоқсанға және 2023 жылғы 1-тоқсанға жоспарланған болатын.

Көбіміз жалдамалы пәтерде өмір сүреміз, «Отбасы Банкке» жалға беру мен несие төлейміз. Біз көмек сұрауға мәжбүрміз, себебі бұл жағдайдан шығудың жолын көріп отырған жоқпыз, дейді тұрғын үй кешенінің үлескерлері.