Экс-министр Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаев үкімет басшысы Олжас Бектеновтің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ермек Маржықпаев 2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы тамызға дейін туризм және спорт министрі болып қызмет атқарған.

2015-2019 жылдары Көкшетаудың, 2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болған.

Фото: gov.kz