«Алматыдағы метро өте қауіпті». Эколог Алматыда трамвай жүру керектігін айтты

Фото: pix.com

Эколог Мэлс Елеусізов Арман Абдоллаға берген сұхбатында Алматы қаласындағы трамвайларды еске алып, оларды Алматыға қайтару керектігін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Экологтың айтуынша, Алматыдағы метро — өте қауіпті, оның орнына травмвайларды салу керек.

Бізде тамаша көлік болды, ең экологиялық таза көлік — бұл трамвай. Міне, метроның өзі де сондай қауіпті, ол жер астында дегендей. Сонан соң сейсмикалығы өте жоғары, бір жақсы жарықшақ болса, оны батыра бастайды. Әрине, метро өте қауіпті көлік. Ташкентте де бұрын салынған, себебі метрода ақша көп. Оны кім дұрыстап тексереді, метроны тексеру оңай емес. Егер үй тұрғызылғанда бәрі көрініп тұрса, ал метрода не істегені — ертегі. Вагонда отырсың, ештеңе көрмейсің.

Сондықтан трамвай — тамаша көлік. Бүгін де оны қалпына келтіруге болады, әрине. Қалпына келтіру керек. Міне, қарбалас уақытта ол бірнеше вагон тіркеп отырып, кішкентай поезд болды, деді Мэлс Елеусізов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Арман Абдоллаев (@armanabdollayev)