«Әкімдері қандай болса, халқы да сондай»: Мақпал Жүнісова қызылордалықтардың берген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Әнші Мақпал Жүнісова қызылордалықтардың өзіне көрсеткен құрметі жайлы айтып, мақтанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Халықты ерке қызы Қызылорда әкімшілігіне ел алдында алғыс білдірді.

«Жаңа тойдан келсем, үйіме Қызылорда әкімшілігі қауын, алма, қарбыз, күріштен дәм ауыз тиіңіз деп әкеп тастапты. Алла разы болсын! Ертең мен де өнер иелерінің концертін тамашалауға барамын. Келіңіздер, бірге қол соғайық!», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да сүйікті әншісін өз өңірлеріне шақырып жатыр. «Қарағандыға келсеңіз, көмір сыйлаушы едік» деген оқырман пікіріне халық әртісі жауап берді.

«Ел жаққа барғанда бірдеңе алу үшін емес, әніңді айтып, көз көргендерге сәлем береміз. Алматыдан базарлық апарамын. Әкімдерді мазаламаймын. Олар келгенімді естісе, дастархан жайып күтеді. 60 жасыма концерт беріп, «Құрметті азамат» деген атақ берді. Қызылорда халқы Алматыға келіп, тұрып, осындай сый-құрмет көрсеткендеріне риза болдым. Ауыз тиіңіз деп әкеліп бергенде, мұрным шелектей болды. Әкімдері қандай болса, халқы да сондай кең», – деп жауап берді өнер иесі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

АҚПАРАТ SN.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН