Қазақстанға Нидерландыдан екі Амур жолбарысы әкелінді

Фото: gov.kz

Қазақстанның Балқаш өңіріне Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Алғашқы Амур жолбарыстары популяцияны қалпына келтіру үшін Іле-Балқаш резерватына жеткізілді

Қыркүйек айында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алғашқы жолбарыстарды айдың соңына дейін Нидерландтан жеткізілетінін айтқан болатын.

Жолбарыстар қазірдің өзінде Қазақстанда. Бүгін Экология министрлігі олардың кадрларымен бөлісті. «Вечерняя Караганда» да алғашқы жолбарыстарды бейнелеген қызықты ролик жариялады. Басылымның хабарлауынша, Іле-Балқаш резерватында еркек пен ұрғашы жолбарыстар жеткізілді.

«Қазақстан, Ресей және Швейцарияның бірлескен экспедициясының нәтижесінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жобасы аясында Тұран жолбарысын Орталық Азияда қалпына келтіру үшін ең қолайлы орын ретінде Балқаштың оңтүстік жағалауы (Іле сағасы және оның шығысына қарай аумақ) таңдалды», – деп хабарлады Қазақстанның Экология министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, болашақта Іле-Балқаш резерватына жыртқыштар популяциясын 100-ге дейін арттыру мүмкіндігі бар. Бұл Қазақстанның жолбарысты қалпына келтірудің жаһандық бағдарламасына қосқан үлесі болмақ.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 2025 жылы Ресейден тағы төрт жолбарысты жеткізу жоспарлануда.