Ақтауда ММА жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Фото: Lada.kz

Желіде 3 шағын ауданда табылған ер адамның мәйіті туралы ақпарат таратылады. Lada.kz тілшісіне берілген мәліметтерге сәйкес, қаза болған адам түрлі турнирлердің аралас жекпе-жек шебері болған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

WhatsApp мессенджерінде пайдаланушылар 3 шағын ауданда қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың фотосуретін жібереді. Денесі  қарайып кеткен.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Мәйіт кеше 20 қыркүйекте табылған.

Ер адамның мәйіті табылған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды, — деп жауап берді ведомствода.

Пайдаланушылар Вусал Джафаровты ұрып-соғып, ер адамның денесі көшеде бірнеше күн жатқанын хабарлайды.

Ашық дереккөздердің мәліметтерінше, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Төрт жекпе-жек өткізіп, оның біреуін жеңді.