Алматы облысында жасөспірімдер қатарластарын аяусыз соққыға жыққан

Желіде жасөспірімдердің қатарластарын соққыға жыққаны түсірілген видео пайды болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жасөспірімнің алдымен қатарласының қолына таяқпен ұрғанын, сосын жұдырығымен бетіне соққы жасап, жерге құлатқанын көруге болады. Екінші жасөспірім барлығын видеоға түсіріп тұрған.

Видеоның сипаттамасында оқиғаның Алматы облысы Талғар ауданында болғаны айтылған. Полиция жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. 

«Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде», – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.